«Таңшолпан». Ұлттық валютаның қабылданғанына - 24 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ұлттық валютаның қабылданғанына - 24 жыл (ВИДЕО)

15.11.2017

Бүгін Ұлттық валютаның қабылданғанына - 24 жыл. 1993 жылы 15 қараша күні теңге ресми түрде бекітілді. Онда Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, Әбілқайыр хан және өзге де ұлт зиялыларының бейнелері белгіленді. Бес күн ішінде ескі валюта жаңасына ауыстырылды. Халық 500 рубльді жинап, 1 теңге алатын. Ал, ақша доллары 4,75 теңге. Яғни, бұл кезде теңгенің құны айтарлықтай жоғары болған. Десе де 1,5 айдан соң төл валютамыз 10 есеге дейін құнсызданды.

Теңге девальвацияға алғаш 1999 жылы ұшырады. Бұл уақытта АҚШ доллары 138 теңгені көрсетті. Кейін 10 жылдан соң екінші рет құнсызданып, 1 доллар 150 теңге шамасында болды. Ал, 2015 жылы Ұлттық банк валютамызды еркін айналымға жіберіп, 1 доллар 255 теңгені құрады. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш едәуір көтерілген.

«Теңгенің әлеуетін күшейту үшін экономиканы, еңбек өнімділігін дамыту керек. Өзіміздің экономика мәселесінде экспортты ұлғайтуымыз керек, экономиканы осы бағытқа бейімдеу қажет»,- дейді сарапшы Сапарбай Жұбаев.

Хабарламаларға жазылу