Президент Нұртай Әбіқаевты қабылдады

25.01.2015
Президент Нұртай Әбіқаевты қабылдады

Осы аптада Нұртай Әбіқаев Ақордада қабылдауда болды. Ұлттық қауіпсіздікке жауапты басшының бұл - Президенттің алдына бір жарым айда екінші рет шақыртылуы. Құпия құжаттарға толы қара портфелін құшақтай кірген Әбіқаевтың Елбасының алдына жиі шақыртылуы тегін емес.

Жаһандағы геосаяси ахуалдар күн санап ушыққандықтан, біз де шекарамызды шегендеп, Ұлттық қауіпсіздігімізді мықтай түсуге тиіспіз. Оның үстіне Сирия асқан 300-дей жиһадшы қандасымыздың іс-әрекеттері де дін мәселесінде аса сақ болуды қажет етеді.

Сондықтан, Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысына шекараға мұқият болып, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күресті тоқтатпауды тапсырды.


Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу