Мәслихат депутаттары Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәслихат депутаттары Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

05.10.2022

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бірлестік құрамында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен белсенді азаматтар бар. Жалпы саны 3,5 мың адамнан асады. Өңірлерден жиналған делегаттар Астанаға ел аманатын арқалап келгендерін жеткізді.

Бахадүр Нарымбетов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы:

Қазіргі кезде біз депутат болғаннан кейін өзіміздің сайлаушылар мен халықтың арасында көп жүреміз. Көп ұсыныстар естиміз. Сұрақтар береді. Солардың тілегінің көбі осы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Президент ретінде көргісі келеді. Бізде, әрқайсымызда өзіміздің сайлаушыларымыздың аманаты бар.

Ардагерлер қауымдастығы Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Ал, «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Ұлттық академиялық кітапханада өткен жиында қауымдастық төрағасы Бақытбек Смағұл Мемлекет басшысының еткен еңбегі мен жеткен жетістіктерін атап өтті.

Бақытбек Смағұл, «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының төрағасы:

Президентіміз әділдікті аңсаған халқымыздың тілегіне құлақ асып Әділетті Қазақстанды құруға кірісті. Бұл халықтың талап тілегі болғандықтан халқымыздың да Президенттің айналасында топтасқаны абзал. Ел Президенті халық басына келген қайғы да жұрт кенелген мерейге де ортақ болып халық арасынан табылатын тұлға.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу