Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев палуандарға сәттілік тіледі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев палуандарға сәттілік тіледі (ВИДЕО)

02.07.2017

Елордамыздың «Барыс арена» стадионында «Қазақстан барысы» турнирі өтуде. Аталмыш доданы «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Шараның ашылу рәсімінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.

«Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары «Қазақстан барысы» жарысына қош келдіңіздер! Мемлекет тарапынан рухымызды көтеретін спортты, салт-дәстүрді  танытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Астана қаласында 200 іс-шара өткізілуде. Оның ішінде бәйге, көкпар, айтыс, қазақша күрес сияқты ойындарды қолдаудамыз. Мұның барлығы Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен астасады. Бұл ұлттық санамызды жаңғыртатын жобалардың саны артады деген сөз. Сондықтан бүгінгі турнирді ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамын. Палуандарға сәттілік тілеймін. Рахмет!»

Хабарламаларға жазылу