Амангелді Құрметұлы: Өркениетке ілескенімізбен, әлі күнге артқа қараймыз да жүреміз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амангелді Құрметұлы: Өркениетке ілескенімізбен, әлі күнге артқа қараймыз да жүреміз (ВИДЕО)

19.04.2017

Президент ұлттық сана мәселесін неге дәл бүгін көтеріп отыр? Ахмет, Әлихан, Міржақыптың кезіндегі ұлттық санамыз қазір қай деңгейде?

«Ахмет, Әлихан, Міржақыптың кезіндегі ұлттық санамыздың белгілі бір элементтері бізбен бірге келді. Яғни, Президент болашаққа өзімізбен бірге бармауы керек деген дағдыларды айтты ғой. Олар бізбен бірге келе жатыр. Біз белгілі бір деңгейде өркениетке ілестік. Бірақ, әлі күнге артқа қараймыз да жүреміз. Алдағы 200 жылдан кейін қазақ баласы қай тарихпен мақтануы керек екенін естен шығарып отырмыз».

«Ұлттық сананы жаңғырту мәселесінде дәл қазіргі сәтте бірінші кезекте заманға бейімделу мәселесі тұр. Ол жан-жақты, өте кешенді ұғым. Біз қазір мақаланы талдап, «иә, жақсы екен», деп қана баға беріп отырмыз. Бірақ, оның әр пунктіне жеке-жеке бағдарлама жасап, жүзеге асырудың жолдарын қарастыруымыз керек».

Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырып» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналды.

Студия қонағы – медиасарапшы, журналист Амангелді Құрметұлы.

Хабарламаларға жазылу