Парламент Сенатындағы салтанатты жиында бір топ депутат марапатқа ие болды. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 жыл бұрын еліміздің Тәуелсіздігі туралы шешім күрделі геосаяси жағдайда жарияланғанын еске алды. Енді осы азаттықтың арқасында қол жеткізілген жетістіктерді одан әрі нығайту үшін халықтың көкейіндегі өзекті мәселелерге назар аудару керектігіне тоқталды. Ұлттық мерекемізге орай мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ Сенат депутаты Елбасының Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.