Талдықорғанда болгар этносының өкілдері раушан гүлі мерекесін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда болгар этносының өкілдері раушан гүлі мерекесін атап өтті

23.05.2016
Талдықорғанда болгар этносының  өкілдері раушан гүлі мерекесін атап өтті
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Талдықорғанда тұратын болгар этносының өкілдері розобор мерекесін атап өтті.

Достық үйіндегі мерекелік шара түрлі этнос өкілдерінің қыздары арасында раушан гүл ханшайымы байқауына ұласты. 11 бойжеткен өзін таныстырып, ұлттық дәстүрлерін әңгімелеп, өнерін көрсетті. Алматы облысы аумағында 1,5 мың болгар ұлтының өкілі тұрады.

Олар қазақ және болгар мерекелерінде ұқсастықтар көп деген пікірде.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу