Раушан гүлі туралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Раушан гүлі туралы

04.01.2016
Раушан гүлі туралы

Англия, Иран және АҚШ елдерінде раушан – ұлттық гүл саналады. Бүгінде раушан гүлінің барлық түстегі түрлері бар десе де болады. Тек қара және көк түсті раушан жоқ. Себебі, мұндай түстегі гүлдің табиғи тегі (ген) болмайды. Генді инженерия саласы көкшіл раушан гүлін өсіреді, ал қара раушанның орнына қара қызыл түсті раушан алмастырады. Қазіргі таңда ғалымдар раушанның 300-дей түрі, 30 000-дай сорты анықтаған.

Крит аралынан біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарға сәйкес келетін ең көне раушан гүлінің суреті табылды. Ал, археологтар 50 миллион жылдық раушан гүлінің қалдықтарын тапқан. Алайда, бұл гүл бізге тек  XVI ғасырда жеткен. Алғашында ол тек патша сарайын әсемдейтін еді. Кейін келе розамен бақшаларды да безендіре бастады.

Француздар раушан өсіретін ең үздік бақташы ел саналады. Ал, голландтықтар әлем бойынша раушан гүлін ең көп мөлшерде сататын мемлекет. Раушан майын өндіруде болгарлардан асатын ешкім жоқ. Қызыл, сары және тоқсары (оранжевый) түстес раушан гүлдері жабайы Парсы сары раушандарымен будандастыру арқылы пайда болған. Ашық қызыл түс қытай розасынан алынған.

Жұпар иіс шығаратын ген рецессивті келеді. Бұл, егер иісі қатты екі раушан гүлін будандастырса, онда не иісі әлсіз, не мүлдем иісі жоқ гибрид шығады. Қызық мысал. Әйгілі Шекспир шығармаларында раушан гүлі 50 шақты рет кездеседі.         

Жапондықтар «Хамелеон»  деп аталатын роза сортын ойлап  тапты. Себебі, бұл раушанның күлтелері күндіз ашық қызыл түсті болса, кешке қарай ақ түске енеді. Германияда әлемдегі ең кәрі раушан бар. Ол Хильдесхайм соборында 1000 жыл бойы өсіп тұрған түп бар. Бүгінде бұл бұтақ ғимараттың төбесіне жеткен.                                                

Хабарламаларға жазылу