Астанада «Көптүсті Қытай» атты концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Көптүсті Қытай» атты концерт өтті

23.05.2015
Астанада «Көптүсті Қытай» атты концерт өтті

Екі сағат бойы Қытай өнерпаздарының әуендері Астана төрінде қалықтады. Бейбітшілік және келісім сарайында «Көптүсті Қытай» атты концерт өтті.

Орталық ұлттық ән-би ансамблінің әртістері екі ел арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты әнмен, бимен жеткізді. 

Қазақ, моңғол, корей, ұйғыр, тибет мәдениеттерінің өкілдері «Елу бес ұлт – елу бес түс», «Батыс тауының балладасы», «Торғай рухы», «Сүйкімді раушан гүлі» секілді шығармаларды орындап, талайдың көңілінен шықты. Әсіресе, бастарына пиала қойып шыққан үйғыр бишілері өнерсүйер қауымын таңқалдырды. Ал қазақтың күмбірлеген күйінің даусы талайды тамсандырды.

Ләззат БЕКТАС

 

Хабарламаларға жазылу