Талдықорғанда «Ортақ Абай» атты байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Ортақ Абай» атты байқау өтті

13.02.2020

Талдықорғанда өзге этнос өкілдері арасында «Ортақ Абай» атты көркем сөз оқудан облыстық байқау өтті. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы ұйымдастырған сөз додасына 31 жас қатысты. Орыс, украин, корей, ұйғыр және неміс этносының өкілдері ғұлама ақынның өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін оқыды.

Байқаудың көздегені - жастарға дана Абайдың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, тағылымға толы өлеңдерінің түп мақсатын түсіндіру. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу