Талдықорғанда ат спортынан ел чемпионаты жалауын көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ат спортынан ел чемпионаты жалауын көтерді

12.04.2016
Талдықорғанда ат спортынан ел чемпионаты жалауын көтерді
Қала атшабарына еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам спортшы жиналды.

Талдықорғанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұлттық ат спорты ойындарынан Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Қала атшабарына еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам спортшы жиналды.

Спорттық шараға мұрындық болған еліміздің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы. Аттың құлағында ойнаған білекті де жүректі жігіттер чемпионат аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан мықтыны анықтайды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу