Ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасындағы чемпионат басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасындағы чемпионат басталды

11.04.2016
Ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасындағы чемпионат басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ҚР Ұлттық ат спорты түрлері қауымдастығының, ҚР Мәдениет және спорт минстрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Алматы облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен биылғы жылдың алғашқы ұлттық спорт жарыстары басталды, деп жазады ulttyqsport.kz сайты.

Сәуірдің 11-17 күндері биылғы ел чемпионаты Талдықорған қаласының атшабарында өтеді. Бұл дүбірлі додада жанкүйерлер төрт спорт түрінің тартысын тамашалай алады. Атап айтқанда, жарыс, көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан өтіп, 2016 жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

Көкпар мен аударыспақтан ересектер арасындағы ҚР чемпионаты биыл XVI рет жалауын көтермекші. Ал, теңге ілуден ҚР чемпионаты Х рет, жамбы атудан ҚР чемпионаты ІІ рет ұйымдастырылуда.

Хабарламаларға жазылу