Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан ІІ жазғы чемпионат аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан ІІ жазғы чемпионат аяқталды

14.08.2014
Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан ІІ жазғы чемпионат аяқталды

Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан төтенше жағдайлар қызметкерлерінің екінші жазғы чемпионаты аяқталды.

Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 20 команда келді.

Биылғы жылдың ерекшелігі сайысқа қыздар командалары да қатысты.

Доданың мақсаты - қыркүйек айында Алматы қаласында жалауын көтеретін әлем біріншілігіне спортшыларды іріктеу.

Бұл бәсекеде бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы иеленді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу