Талдықорғанда Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан республикалық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан республикалық турнир басталды

18.05.2017

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан республикалық турнир жалауын көтерді. Мұндай ауқымды шара Ауған соғысында болған сарбаздар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Додаға еліміздің әр өңірінен 9 команда келді. Қоғамның әр саласында еңбек етіп жатқан қанды көйлек қаруластар бір-бірімен қуана қауышып, өткенді еске алды. Бүгінде олар ширек ғасыр толған Қазақстанның Қарулы Күштерінің қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Жастарға патриоттық тәрбие беріп, Отанды сүюге, туған жерді қастерлеуге шақырудан жалыққан емес.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу