«ЭКСПО» қалашығы аумағындағы ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары осы жылдың 15-желтоқсанына дейін жүргізіледі. Көрме аяқталғанымен, ауқымды шараның келесі маңызды кезеңі басталмақ. Яғни, келешекте халықаралық қаржы орталығымен қатар, ірі ғылыми зерттеу орталықтарын, әлемге танымал медиа-хаб алаңын ашу көзделіп отыр.
Бастапқыда «ЭКСПО»-ға 2 миллион қонақ келеді деп күтілген-ді. Алайда, көрменің қорытындысы бойынша, меймандар межеден екі есеге асып, 4 миллионға жуықтады. Нақты саны да белгілі. 3 миллион 977 мың 545 адам. Оның 15 пайызы, яғни, 600 мыңға жуығы - шетелдіктер. Қонақтардың көбі - Қытайдан. Себебі, көрші елдің туризм агенттіктері көрмеге қатты қызығушылық танытқан екен. Ал, 200 мыңға жуық кісі Еуропа, Солтүстік Америка сынды алыс шетелдерден келген.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ