Миландағы ЭКСПО көрмесіндегі Қазақстан павильонын көруге келген миллионыншы мейманға тосын сый жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миландағы ЭКСПО көрмесіндегі Қазақстан павильонын көруге келген миллионыншы мейманға тосын сый жасалды

23.10.2015
Миландағы ЭКСПО көрмесіндегі Қазақстан павильонын көруге келген миллионыншы мейманға тосын сый жасалды
Қазақстан павильонына миллионыншы 58 жастағы итальяндық Даниело Берго тамашалаған.

Даниело Берго павильонды тамашалап есіктен шыға бергені сол еді, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері оны ыстық ықыласпен қарсы алды.

Ұлттық секцияның бас комиссары Әнуарбек Мусин Даниелоға Қазақстанға баруға сертификат тапсырды.

Даниело қазақ еліне келесі жылы келмек. Сапар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы демеушілерінің көмегімен ұйымдастырылады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу