«ЭКСПО» көрмесі аясында мұнай экспорттаушы елдер ұйымы жанындағы ОФИД қорының арнайы күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесі аясында мұнай экспорттаушы елдер ұйымы жанындағы ОФИД қорының арнайы күні өтті

07.09.2017

«ЭКСПО» көрмесі аясында мұнай экспорттаушы елдер ұйымы жанындағы ОФИД қорының арнайы күні өтті. Бұл ұйым осыдан 41 жыл бұрын құрылып, әлем халқының әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта қор 134 мемлекетпен тығыз байланыс орнатқан. Әсіресе, экономикалық жағдайы төмен саналатын Африка елдерінде қайырымдылық шгараларын жиі өткізеді. «Болашақ энергиясы» тақырыбын қозғап отырған Қазақстанмен де алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу