Азия нарығында мұнай бағасы өсті
Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК+ өндірісті азайтуға келісті. Бұл шешім картельдің Венада өткен кездесуінде қабылданды. Мақсат – энергетикалық шикізат бағасының арзандауын тоқтату. ОПЕК-тегі жетекші ел Сауд Арабиясы шілдеден бастап тәуліктік өндірісті 1 миллион баррельге қысқартпақшы. Осы хабардан кейін Азия нарығында Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 2,4 пайызға қымбаттап, 77 долларға жақындады. Айта кетсек, ОПЕК пен оның Ресей, Қазақстан тәрізді одақтастары әлемдегі мұнай қорының 40 пайызына ие. Сондықтан альянстың шешімі көмірсутегі нарығына елеулі әсер етіп отырады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05