Әлемде қара алтын қайта қымбаттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде қара алтын қайта қымбаттап жатыр

04.10.2022

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының отырысы қарсаңында қара алтын қайта қымбаттап жатыр. BRENT сұрыпты мұнай 90 долларға, АҚШ-тың WTI шикізаты 84 долларға саудалануда. ОПЕК+ ұйымы пандемия басталған уақыттан бері мұнай өндіруді барынша қысқартуды көздейді. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ұйым шикізат өндірісін тәулігіне 1 млн баррельге дейін азайтпақ. Әлем нарығында мұнай азаюы мүмкін деген болжам бағаның өсуіне ықпал етті. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу