Болашақта елімізде халықаралық деңгейде бау-бақша өнімдерінің көрмесі өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақта елімізде халықаралық деңгейде бау-бақша өнімдерінің көрмесі өтуі мүмкін

30.08.2017

Болашақта елімізде «ЭКСПО»-дан бөлек, халықаралық деңгейде бау-бақша өнімдерінің көрмесі өтуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық бақ өсірушілері қоғамдастығының бас хатшысы Тимати Брайклиффе «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен өткен кездесуінде мәлімдеді. Өз кезегінде ұйым өкілі халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне жоғары баға берді. Әрі Қазақстан жерлері бақ өсіруге қолайлы екендігін,  көрмені оңтүстік шаһары Шымкент қаласында өткізуге болатынын жеткізді. Бұл тұжырымға ұлттық компания басшысы да қолдау танытып, еліміздің бағбаншылықтан тәжірибесі зор екенін атап өтті. Осылайша, қос тарап бірлесе отырып, «Жасыл Әлем» саясатын жүзеге асыруды көздеп отыр. Атап өтейік, 1948 жылы құрылған қоғамдыстық құрамына бірқатар бақ өсірушілер ұйымы мен 20-ға жуық ел кіреді.

 

Раушан САЙЛАУ

Хабарламаларға жазылу