Криптовалюта алаяқтығына қатысты 4 айда 317 қылмыс тіркелген
Оның 17-сі жалған инвестиция мен криптовалюта алаяқтығына қатысты. Кибер полиция қызметкерлері ел аумағында жасалған қылмыстарды толықтай ашып, күдіктілерді анықтаған. Алайда шет елдегі қылмыскерлерді табу қиынға соғып тұр. Қазір іздеу, тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Қомақты қаржысынан қағылатындардың көбі зейнеткерлер. Алданғандардың арасында 40 млн теңгеден астам қаржысын алаяқтардың шотына аударып жібергендер бар. Интернет, жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейген сайын қылмыскерлердің алдау тәсілдері де түрленген. Сондықтан мамандар сақтық шараларын ұдайы назарда ұстау қажеттігін ескертеді.
Аян Құрманғазин, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:
Инвестиция. Инстаграм болсын, ютуб болсын, парақшаларында жарнама бар. Каспий профитке шақырады, ақшаңызды көбейтіп беремін дейді. Фридом брокер және Каспий профиттің ішінде ақшаларды өзіне тарту мақсатында. Алдын алу бағытында біз профилактика бағытында айтып отырамыз, ешқандай сілтемеге өтпесін, оңайлықпен ақшаны ешкім бермейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдар Алтын Орда тарихындағы әйел көшбасшылардың рөлін талқылады
22.07.2026, 17:31
«4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 17:28
Ақтөбеде жаңа сквер ашылды
22.07.2026, 17:23
Ел жаңалықтарына шолу
22.07.2026, 17:20
Түркістан облысында вегетациялық кезеңде су жеткілікті деңгейде беріліп жатыр
22.07.2026, 17:16
Қостанай облысында жаңа сүт фермалары 17 мың тоннадан астам өнім өндірді
22.07.2026, 17:15
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған үш жоба іске қосылды
22.07.2026, 17:13
Биыл 1,8 млн гектар алқап химиялық өңдеуден өтті
22.07.2026, 17:11