70 қатысушы Агрохакатонның республикалық кезеңіне өтті
Республикалық деңгейде осымен үшінше рет өтіп отырған агроХакатонға 70-тен аса талантты әрі бастамашыл жас қатысып, стартап жобаларын таныстырды. Жобалардың дені ауыл шаруашылығындағы мәселелерді технология, инновация және креативті идеялар арқылы шешуге арналған. Қатысушылар су үнемдеу, өнімді көбейту, жасыл технологияны дамыту, сондай-ақ инклюзия, әлеуметтік салада цифрлық шешімдерін ұсынды. Үздік жобалар венчурлық қорларға ұсынылып, перспективалы идеялардың тәжірибеде жүзеге асуына мүмкіндік алады. Стартаптардың дені жасанды интелектіге негізделген. Жалпы, бұл сайысқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іріктеу нәтижесінде 70 қатысушыдан құралған 20 команда финалға жолдама алды.
Айриза Миразатова, жоба авторы:
Көру қабілеті бұзылған адамдарға арнайы ЖИ навигация, дәстүрлі ақ таяққа орнатылған модуль жасаған болатынбыз. Көзілдірікке арнайы қозғалыс датчигі орнатылған. Бұл кедергілерді анықтауға көмектесіп, арнайы құлаққап арқылы дыбыстар беріліп отырады. Яғни ол өзін бейтаныс жерде қорықпай, жеңіл өтуіне көмектесу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы