Футболдан Әлем чемпионатының жүлде қоры рекордтық 871 миллион долларға жетті
FIFA 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының жүлде қорын бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізді. 871 миллион доллар. Енді турнирге қатысатын құраманың әрқайсысына кемінде 12,5 миллион доллар беріледі. Сондай-ақ ұйым командалардың жол шығыны мен жанкүйерлерге арналған билет үлесін арттыруға қосымша қаражат қарастырған. Қалған қаржы FIFA-ға мүше елдердің футболын дамытуға бағытталады. 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл дода тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылмақ.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17