«ЭКСПО» көрмесінде Фиджи аралдарының ұлттық күні өтті
Тынық мұхитында орналасқан мемлекеттен қазақ жеріне ел премьер-министрі бастаған 50-ден астам өнер ұжымы келді. Алдымен ресми делегация сөз сөйлеп, кейін фиджилықтар өз дәстүрлерін көрсете бастады. Аралда мәртебелі меймандарды ерекше қарсы алады екен. Еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты олар сахнаға шығарып, ежелден келе жатқан кава дәстүрін көрсетті. Фиджидің байырғы тұрғындары сыйлы қонақтың алдында көне тілде өлең айтып, кейін оған арнайы қайнатылған кокос жаңғағының суын ішкізеді. Одан соң барлығы бірдей шапалақтап бар дауыспен «Була» деп айқайлайды. Бұл фиджи тілінде «Сәлеметсіз бе» деген мағынаны білдіреді. Ұлттық күн аясында арал тұрғындары бірнеше концерттік бағдарлама дайындады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
17.04.2026, 20:16
Жедел жәрдемнің қозғалысын картадан бақылауға болады
17.04.2026, 20:16
Ақтөбеде 19 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды
17.04.2026, 20:15
ТМД Сыртқы істер министрлері кездесті
17.04.2026, 20:13
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
17.04.2026, 20:10
«Superstar Kz» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 20:08
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 20:08