Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап елдегі дәріханаларда кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында берілуі тиіс 4 114 дәрі заңсыз саудаланған. 74 нысанда жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 31 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 12 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Тағы 43 нысанға заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар дәрілерді таңбалау барысында да жүйелік ақаулар анықталған. Атап айтқанда, 35 мыңнан аса жағдайда дәрілер қайта заңсыз айналымға шығарылған. Бір кодты әртүрлі қатысушылар пайдаланған 480 мың дерек тіркелген. Бұл заңбұзушылықтар бойынша материалдар құзырлы органдарға жолданды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14
Елде су қоймалары көбейді
20.10.2026, 17:12