Ақтөбеде 19 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды
Ақтөбе облысында 19 күн бұрын жоғалған он жастағы баланың денесі табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оны Елек өзенінен, бір жарым метр тереңдіктен алып шыққан.
Естеріңізге салсақ, Мәртөк ауданының Сарыжар ауылындағы мектептің оқушысы 29 наурыз күні өзге балалармен бірге өзен жағасында ойнап жүріп, аяғы тайып, суға құлап кеткен еді. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, әскерилер мен еріктілерден құралған 300-ден аса адам, 50-ге жуық техника, ұшу аппараттары тартылды. Судың лай болуы және қалың қамыс сүңгуірлердің жұмысына кедергі келтірді. Кейін іздеу аумағы Ресей федерациясының шекарасына дейін ұлғайтылды. Арада үш аптаға жуық уақыт өткенде марқұмның денесі ауылдан 14 шақырым қашықтықтан, жағалаудан үш метр жерден, су астындағы өсімдік шөгінділерінің арасынан табылды. Мамандар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы