Ертең елордада Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордада Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталады

14.08.2017

«Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!». Ертең елордада «ЭКСПО» аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталады. Өңір әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың хабарлауынша, 15-18 тамыз аралығында яғни, 4 күннің ішінде 38 мәдени шара өтеді. Арнайы келген 700-ге жуық өнерпаз, елордалық тұрғындар мен шетелдік қонақтарға ән-жырдан шашу шашады. Әсіресе, этноауылда қойылатын этнографиялық театрландырылған қойылым көптің таңдайын қақтырмақ. Бұл жерде қазақ халқының ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен Маңғыстау өңірінің ерекшеліктері көрсетіледі. Ұлттық спорт ойындары да кеңінен насихатталады. Ат жарысынан бастап, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, қыз қуу, теңге атудан жарыстар ұйымдастырылады. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу