Ертең елордада Қызылорда облысының мәдениет күндері басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордада Қызылорда облысының мәдениет күндері басталады

09.08.2017

Сыр елінен – Астанаға, «ЭКСПО»-ға! Ертең елордада Қызылорда облысының мәдениет күндері басталады. Бұл туралы бүгін өңір әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов хабарлады. Шара аясында әртүрлі алаңдарда 300-ге жуық  өнерпаз елордалық тұрғындар мен шетелдік қонақтарға өз тартуын жасайды. Әсіресе, этноауылдағы 25 қолөнер шеберінің зергерлік әшекей бұйымдары көптің таңдайын қақтырмақ. Ал, спорт шараларының ішінде аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, қазақ күресі, асық ату сияқты ұлттық ойындарды ерекше атауға болады.

Бұдан бөлек, 12-13 тамыз күндері аймақтың ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерге 60 млн. теңгенің 260 тонна өнімі қойылмақ. Оның ішінде Сыр елінің мақтанышы күріштен бастап жеміс-жидек, көкөніс, ет-сүттің бәрі бар. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу