Елордада Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді

18.08.2017

Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай Павлодар облысының мәдениет күндері басталады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев хабарлады. Оның аясында «Ертіс – қимақтар өзені» атты көрме, «Ғашықтар хикаясы» спектаклі және гала-концерт ұйымдастырылады. Ал, «Қазанат» ипподромында ұлттық ойындардың көрсетілімдерімен қатар, бірнеше спорттық сайыс өтеді.

Сондай-ақ, облыс тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Оған өңірден 435 тонна көлемінде өнім әкелінбек. Павлодар облысының мәдениет күндері тамыз айының 19-23-і аралығында өтетін болады.

 

Малика ҚАЛҚАМАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу