Астанада ақын Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» атты шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ақын Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» атты шығармашылық кеші өтті

23.06.2015
Астанада ақын Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» атты шығармашылық кеші өтті

Елордада ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» атты шығармашылық кеші өтті.

Шараға Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков сынды сөз өнерінің майталмандары қатысты.

«Қасиетті Тәуелсіздігімізді бәрінен биік қоямын, сондықтан болар, қаламымнан туған туындыларымның көпшілігі осы тақырыпқа арналған», дейді ақын.

Поэзиялық кеш Астанадағы Маңғыстау облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу