Бүгін «ЭКСПО» қалашықта Малайзия павильонында «жасыл» жобаларды дамыту жайы сөз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «ЭКСПО» қалашықта Малайзия павильонында «жасыл» жобаларды дамыту жайы сөз болды

28.07.2017

«Жасыл» энергия, «жасыл» экономика, «жасыл» әлем. Бүгін «ЭКСПО» қалашықта Малайзия павильонында «жасыл» жобаларды дамыту жайы сөз болды. Оңтүстік-Шығыс Азиялықтар өз аймағында «жасыл» құрылыс салу жағынан көш бастап тұр. Путра Малайзия Университетінің бір топ ұстаздары пальма ағашынан құрылыс материалын алуды қолға алған. Сирек өнім - беріктігімен өзге. Ең бастысы, бұл өнім 100 пайыз табиғи. Тағы бір ерекшелігі, мұндай пальмадан төселген еденді 20 жылға дейін еш қол тигізбестен пайдалануға болады. Шетелдік ғалымдар өз өнертабысымен бөлісуге дайын. Әзірге, қазақстандықтар тарапынан бірнеше ұсыныс түскен. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу