«ЭКСПО»-ға Италияның Лацио аймағы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-ға Италияның Лацио аймағы келді

27.07.2017

Италия – «жасыл» энергетика жобаларын қаржыландыруға белсенді кіріскен Еуропа елдерінің бірегейі. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО» қалашығындағы Италия павильонында өткен басқосуда айтылды. Әр апта сайын Италияның бір өңірі өз жетістіктерін ұсынады. Бұл жолғы кезек Лациоға келді.

Лацио - өзінің туристтік әлеуетімен танымал қала. Әсіресе, бұл қалада көне және заманауи архитектура сәтті ұштастырылған. Бүгінгі басқосу барысында екі елдің жасыл жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды. Италиялықтар Астанада салынған «жасыл орамдағы» тұрғын үйлерді жоғары бағалады. «Осыдан-ақ, Астананың экологиялық тұрғыдан зиянсыз құрылыстарға қаншалықты мән беретіні көрініп тұр», - дейді меймандар. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу