Малайзия «ЭКСПО» аясындағы жұмысын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия «ЭКСПО» аясындағы жұмысын қорытындылады

07.09.2017

Малайзия «ЭКСПО» көрмесі аясында жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ долларына жететін келісімдерге қол қойды. Бұл туралы осы елдің Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурстары министрі Максимус Онгкили айтты. Малайзия « ЭКСПО»-дағы өз павильонының жұмысын қорытындылады. Көрме басталғалы павильонды 600 мыңнан астам қонақ тамашалаған. Бұл жоспарланған келушілер санынан 200 000 адамға көп. Дегенмен, апта соңына дейін бұл павильонда бірнеше тақырыптық шара өтеді.

Айта кету керек, Малайзия «ЭКСПО» аясында білім беру мен «жасыл» экономика және исламдық қаржыландыру апталықтарын өткізіп, үздік павильондар қатарынан көрінді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу