«ЭКСПО-2017»: Лацио «жасыл құрылыстың» қаласы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Лацио «жасыл құрылыстың» қаласы

25.07.2017

Италия - «жасыл» құрылыс салуда кәрі құрлықтың көшбасшысы. Бүгін  «ЭКСПО» қалашықта Италия павильонында өткен басқосу кезінде осы ой жиі естілді. Әр апта сайын Италияның бір өңірі өз жетістіктерін «ЭКСПО»-ға әкеліп, ұсынады. Бұл жолғы кезек Лациоға тиесілі. Лацио қаласы өзінің заманауи құрылыстарымен әйгілі. Әсіресе, «жасыл» құрылыс салудың шебері. Басқосу кезінде екі ел арасындағы құрылыс саласындағы әріптестікті нығайту жайы сөз болды. Италиялықтар Астанада салынған «жасыл құрылыстарды» өте жоғары бағалады. Осыдан-ақ, Астананың экологиялық тұрғыдан зиянсыз құрылыстарға қаншалықты мән беретіні көрініп тұр. Бұл - шетелдік меймандардың ортақ пікірі.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу