Малайзия мен Қазақстанның инновация саласында жүрген жастары бірге жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия мен Қазақстанның инновация саласында жүрген жастары бірге жұмыс істейді

21.08.2017

Алдағы уақытта Малайзия мен Қазақстанның инновация саласында жүрген жастары бірге жұмыс істейді. Бұл туралы келісім Малайзия павильонында өткен шарада меморандум арқылы бекіді. Құжат бойынша екі елдің азаматтары бірі Малайзияда, енді бірі Қазақстанда білім алатын болады. Олар арнайы инновациялық орталықтарда біліктілігін жетілдіреді. Алдағы бір аптада павильонда жастардың қатысуымен бірнеше шара өтеді. Онда оларға «жасыл» болашақты дамыту, яғни, экологиялық таза өмір сүрудің қағидалары түсіндіріледі.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу