Бүгін Ресей павильонында Челябі облысының «Урал» мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ресей павильонында Челябі облысының «Урал» мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті

24.07.2017

Хореографиялық қолтаңбасы қалыптасқан бұл өнер ұжымы Челябі облысында ғана емес, тұтас Ресейде де кеңінен танымал. Труппа 1980 жылы құрылған. Ұжымның құрамында жиырмаға жуық артист бар. Олар бұл күні би арқылы Еуропа мен Азия шекарасындағы аймақтың мәдени өмірін баяндап, қимыл-қозғалыс арқылы көпұлтты өңірдің тұрмыс-салтын әспеттеді.

Концерт қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды. Өйткені, павильонның маңы көрерменге лық толы. Бишілер бір сағаттан астам мерекенің көркін қыздырды. 

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу