«Астана опера» театрында мерекелік концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана опера» театрында мерекелік концерт өтті

07.05.2014
«Астана опера» театрында мерекелік концерт өтті
Отан қорғаушылар күніне орай, бүгін «Астана опера» театрында мерекелік концерт өтті. Театр сахнасында әлемге әйгілі италиялық тенор Марсело Альварес ән шырқады.
 
Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған шарада Ресей армиясы академиялық ән-би ансамблінің және Қытайдың Халық-азаттық армиясы ансамблінің әншілері де өнер көрсетті.
 
Концертте патриоттық әндер, италия және қазақ композиторларының классикалық шығармалары орындалды.
 
Ал, театр фойесінде еліміздің Қарулы күштері туралы көрме ұйымдастырылды.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу