«ЭКСПО» кезінде жұмыс істеген еріктілердің алғашқы тобы өз жұмысын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» кезінде жұмыс істеген еріктілердің алғашқы тобы өз жұмысын аяқтады

30.06.2017

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде жұмыс істеген еріктілердің алғашқы тобы өз жұмысын аяқтады. Бір ай бойы бірнеше өңірден жиналған бір жарым мың жас күн сайын халықаралық шара кезінде түрлі бағыттағы жұмыстарды атқарды. Қонақтарды қарсы алып, шығарып салу, орналастыру мен байланыс орнату сияқты маңызды міндеттерді атқарған еріктілердің үздіктері, адал әрі сапалы жұмысымен көзге түскендері марапатталды.

Бұл жұмыстарды келесі айда өзге еріктілер жалғастырады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу