«ЭКСПО» қалашығының туристік аймағы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» қалашығының туристік аймағы ашылды

10.11.2017

«ЭКСПО» көрмесі қала қонақтары мен тұрғындары үшін есігін қайтадан айқара ашты. Қалашықтың туристік аумағы кішігірім жөндеуден өтіп, ертеңнен бастап келушілерді қарсы алуға дайын. Нысандарды қайта қолданысқа беру салтанатына қатысқан қала әкімі Әсет Исекешевтің сөзінше, «ЭКСПО» көрмесіне дейін шаһарда 2 мыңдай камера орнатылған. Соның арқасында Астанадағы қылмыс саны 20 пайызға азайды. Ал, «жыл соңына дейін 13 мың камера орнатылады», -дейді шаһар басшысы. 

Жалпы, «ЭКСПО» туристік нысандары бір жыл ішінде 12 миллионға жуық келушілерді қабылдай алады. Оның ішінде «Нұр Әлем» павильоны – 9 миллиондай, үздік тәжірибелер аймағы – 2 миллион, арт-орталық 130 мыңға жуық, ал, тақырыптық павильондар 1 миллионнан астам адамды қабылдауға қауқарлы.

Ахметжан Есімов, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК Басқармасының төрағасы:

 - «ЭКСПО-2017» көрмесі өз жұмысын табысты аяқтады. 93 күнге созылған халықаралық көрмені өткізу ел экономикасының өркендеуіне және оң имиджді қалыптастыруға сүбелі үлес қосқаны сөзсіз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу