Ақмола облысында  көктемгі егіс науқаны аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында  көктемгі егіс науқаны аяқталды

06.06.2016
Ақмола облысында  көктемгі егіс науқаны аяқталды

Ақмолалық диқандар, көктемгі егіс науқанын солтүстік өңірде бірінші болып аяқтады. Алқаптарда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, облыста 4 млн 217 мың гектарға дәнді және бұршақ дақылдары егілген.

Майлы дақылдар 206 мың гектарға, көпжылдық шөп 36 мың аумаққа себілген. Картоп пен көкөніс 23 мың гектар жерді алып жатыр. Ал, жүгері жоспарланған мөлшерден 27 пайызға артық егіліп, 9 мың гектар аумаққа салынды.

Ауыл шаруашылығы техникасы уақытылы дайындалып, науқан кезінде 15 мыңнан астам трактор жұмыс істеген.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу