Биыл ел бойынша 3 млн 700 мыңдай түлек оқу жылын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ел бойынша 3 млн 700 мыңдай түлек оқу жылын аяқтады

01.06.2023

Бүгін балаларды қорғау күнімен қатар, барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Ел бойынша 3 млн 700 мыңдай түлек оқу жылын аяқтады. Оның 172 мыңы - жас түлек. «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 6 мың 800. Ал 9-шы сыныпты 288 мыңнан астам оқушы аяқтады. Айта кетейік, биыл алғаш рет сабақ 31 мамырда аяқталып отыр. Оқу-ағарту министрі келесі оқу жылының ұзақтығына қатысты шешім бір ай ішінде белгілі болатынын айтты.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-Ағарту министрі:

Жаңадан жүйе қосылғалы бері үлкен жұмысшы тобы жұмыс істеп жатыр. Жүйенің қаншалықты тиімділігі, оның балаларға ыңғайлылығы жағынан қазір үлкен зерттеулер жүргізіліп отыр. Сол жұмысшы тобы өзінің жұмысын аяқтап, қорытынды шешімін шығарған кезде, мен сол сарапшы топтың ойына байланысты өзімнің пікірімді білдіретін боламын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу