Парижде Астана күндері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде Астана күндері өтеді

14.10.2014
Парижде Астана күндері өтеді

31 қазан - 3 қараша аралығында Франция астанасы Парижде Астана қаласының күндері өтеді. Тарихта Халықаралық көрмені алғашқылардың бірі болып өткізген мемлекет ретінде Франция Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мен ұйымдастыру бойынша өзінің тәжірибесімен бөліспек. Бұл туралыАстана қаласы әкімінің аппараты баспасөз қызметінен хабарлады.

Елордалық мамандардан құралған делегация Францияға жұмыс сапары барысында француз әріптестерінің тәжірибесін зерделейтін болады.

Бүгінде қос мемлекеттің арасында фармацевтика, туризм, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық орнатудың жаңа мүмкіндіктері туып отыр. Көптеген француз компаниялары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін дайындау және ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысуда.

Франция мамандары экологиялық таза көлік, энергия жүйесін ұйымдастыру, құрылыс және қалалық экожүйе салаларында, соның ішінде сумен қамту, қалдықтарды басқару, қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша техникалық шешімдер ұсынады.

 

 

Хабарламаларға жазылу