Маңғыстаудан 150 бала «ЭКСПО»-ны көруге жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудан 150 бала «ЭКСПО»-ны көруге жолға шықты

09.06.2017

Маңғыстаудан ЭКСПО көрмесін тамашалап қайтуға 150 жолға шықты. Оларды вокзалдан ата-аналары мен ұстаздары зор қуанышпен шығарып салды. Бұл - Астанаға баратындардың алғашқы легі ғана. Жалпы, жергілікті бюджет және өңірдегі ірі мұнай компаниясының демеуімен 4000-ға тарта жеткіншекке халықаралық көрмені көрсету көзделген. Мұндай мүмкіндікке әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары да көптеп ие болып отыр. Олар тек айтулы шараның куәсі болып қайтпай, Астанадағы көрікті жерлерді де тамашалайды. Яғни, танымдары кеңейіп, жазғы демалыстарын сапалы өткізбек. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу