Астанада EXPO-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер бас қосуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада EXPO-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер бас қосуда

22.10.2014
Астанада  EXPO-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер бас қосуда

Астанада EXPO-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттердің бірінші кездесуі өтуде.

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан шараға әлемнің 86 мемлекетінен 200 өкіл, Халықаралық көрмелер бюросының басшылығы, ЭКСПО Комисссары хатшылығының қызметкерлері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері қатысуда. Отырыс екі күнге жалғасады. 

«Шара міндеттерінің бірі  - әлеуетті халықаралық қатысушыларды Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті әкімшілік материалдық ресурстарға ие екенін көрсету», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.

Сонымен қатар, ертең Астанада Халықаралық форум жұмысын бастайды. Форум барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ департаментінің басшылары көрме жобаларының басты салалары бойынша таныстырылып өткізеді.

Форумға қатысушылардың назары Қазақстанда «Болашақ энергиясы» симпозиумын өткізуге орай қолға алынған жұмыстарға аударылмақ. Сондай-ақ, көрме тақырыптарын талқылау жоспарланған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу