«EXPO-2017» көрмесінің басты нысаны «Нұр әлем» болашақта мұражайға айналады - Ахметжан Есімов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EXPO-2017» көрмесінің басты нысаны «Нұр әлем» болашақта мұражайға айналады - Ахметжан Есімов

31.05.2017
«EXPO-2017» көрмесінің басты нысаны «Нұр әлем» болашақта мұражайға айналады - Ахметжан Есімов

10 маусым күні «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі барша әлемге есігін айқара ашады. Көрме Астанада өтеді деген күннен бастап нысандардың құрылыс жұмыстары 6 жылға есептелген болатын. Президенттің жан-жақты көмегі мен қолдауы арқасында құрылыс 21 айда аяқталып, қонақтарды қарсы алуға дайын тұр. Дүйім жұрт көз тіккен ғимараттардың көрмеден кейінгі тағдыры көпшілікті қызықтыратыны анық.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «EXPO нысандары озық жобалардың жалғасына айналады»,- дейді.

 

EXPO нысандарын шарадан кейін пайдалану бойынша қазірдің өзінде 20-дан астам ұсыныс түскен. Ахметжан Есімовтің айтуынша, нысан орнында әлемге әйгілі «Job World» білім беру орталықтары ашылуы мүмкін. Қазіргі таңда мамандар корейлік әріптестермен келіссөз жүргізіп, тәжірибесін зерттеп жатыр.

 

«2015 жылы көрме Миланда өткенін білесіздер. Шарадан кейін павильондардың барлығы бұзылып, алынып тасталған еді. Ал, біз әу бастан көрмені ұзақмерзімді инвестициялық жоба ретінде қарастырдық. Сондықтан, басты нысан – сфера «Нұр әлем» деп аталып, болашақ мұражайға айналады. Себебі онда ғарыш, Күн, су, жер, кинетика энергиясына қатысты алуан түрлі жобалар ұсынылған. Тарихта «Нұр әлем» көрмеден қалған мұра болып қалмақ», – деді басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

 

elorda.info сайтынан ықшамдалып алынды

Хабарламаларға жазылу