А.Есімов EXPO-2017 билетін ең алғаш болып сатып алған азаматты құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Есімов EXPO-2017 билетін ең алғаш болып сатып алған азаматты құттықтады

10.06.2016
А.Есімов EXPO-2017 билетін ең алғаш болып сатып алған азаматты құттықтады

Бүгін, 10 маусымнан бастап әлем бойынша «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған  көрмесінің билеттері сатылымға шықты. Ең бірінші онлайн сатылымды Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны Олжас Оңалов жасады. Ұлттық компанияның басқарушы төрағасы Ахметжан Есімов алғашқы билет иегерін құттықтады. Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билеттерді онлайн арқылы сату басталды.

Алдағы он күнде билетті 50%, 30 маусымға дейін 30% жеңілдікпен ала аласыз. Ал бірінші қыркүйектен бастап еліміз бойынша арнайы кассалар жұмыс істейді. Сатылым келер жылдың 9 маусымына дейін жалғаспақ. Айта кеткен жөн, халықаралық көрмен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің тегін тамашалауына мүмкіндік жасалған. Ал зейнеткерлер мен көпбалалы аналар, оқушылар және студенттер билетті арнайы жеңілдікпен ала алады.

Хабарламаларға жазылу