ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірнеше спорт нысанын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірнеше спорт нысанын аралады

13.10.2014
ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірнеше спорт нысанын аралады

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Халықаралық олимпиадалық комитеттің басшысы Томас Бахпен кездесті.

«Алматы – спорт инфрақұрылымы ең жетілген қаланың бірі. Мұнда 1077 спорт нысаны бар (оның ішінде 14-і халықаралық стандарттарға сай). 2017 жылғы Дүниежүзілік студенттер ойындары қарсаңында тағы екі мұз айдыны және көп қызмет атқаратын 5000 орындық атлетикалық ауыл салынады», - деді Ахметжан Есімов.

Кездесуде Алматы қаласының халықаралық деңгейдегі көптеген спорт шарасын өткізетіні айтылды. Олардың арасында бокстан Әлем чемпионаты, самбодан Әлем кубогының кезеңі, дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі, шаңғымен тұғырдан секіру жарысының әлемдік Кубок кезеңі, су добынан Әлем кубогы, футзалдан Әлем суперкубогы, сонымен қатар «Алматы Туры» халықаралық веложарысы бар.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен ХОК басшысы Томас Бах «Медеу» мұз айдынына, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешеніне және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына барды.

Хабарламаларға жазылу