Ахметжан Есімов Франсис Этьенмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов Франсис Этьенмен кездесті

24.09.2015
Ахметжан Есімов Франсис Этьенмен кездесті

«Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші франциялық ірі компаниялардың ынтымақтастыққа әзір екенін хабарлады.

Ахметжан Есімов қазіргі таңда көрмеге қатысуын 48 елдің ресми растағандығы туралы және бүгінгі таңда EXPO-2017 халықаралық қызығушылықтың зор екендігін айтты.

«Біз үшін Францияның EXPO-ға қатысатындығын ресми растап әрі бас комиссарын тағайындап қойғандығы ерекше маңызды», - деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясын қараша соңы не желтоқсанның басында өткізілетін климаттық өзгерістерге қатысты париждік конференцияға қатысуға шақырды.

 

Хабарламаларға жазылу