Астана әкімдігінде ЭКСПО-ға дайындық шаралары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімдігінде ЭКСПО-ға дайындық шаралары талқыланды

22.10.2015
Астана әкімдігінде ЭКСПО-ға дайындық шаралары талқыланды

Жиналыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы мен елорда әкімдігі тарапынан дайындық шараларының негізгі тұстары туралы баяндамалар тындалды.

Атап өту керек, тараптар арасында 50 іс-шараны өткізуді көздейтін 2018 жылға дейінгі жұмыс Жоспары әзірленген, сонымен қатар, қаланың барлық қызметтері мен ұлттық компанияның бірлесе жұмыс атқаруына түрткі болып отырған серіктестік Меморандумы жүзеге асырылуда.

Жиында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында, бірінші кезектегі мәселелерге назар аудара отырып, ортақ жұмыс жоспарын жандандыру тапсырылды.

«Бізді үлкен де жауапкершілікті жұмыс күтіп тұр. Ұлттық компания мен елорда әкімдігінің қызметтері өз жұмыстарын бір арнаға тоғыстыруы керек. Алдымызда ортақ мақсаттар тұр, олардың орындалуы үшін біз бір ұжым ретінде жұмыс істеуіміз керек», - деді елорда әкімі.

Көрмені өткізу және оған дайындық шаралары мен бағыттары әкімдік үшін де, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы үшін де ортақ болуы керек. Құрылыс жұмыстарының кестесіне сай 2016 жылға дейін ЭКСПО нысандарын салу бойынша жұмыстар толық аяқталуы тиіс. Астана әкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланың инфрақұрылымы мен елордалық сервис сапасын жақсарту, сондай-ақ, ақпараттық жұмыс пен шет елдерден қонақтарды тарту бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. ЭКСПО кезінде өткізілетін шаралар легіне ерекше көңіл бөлінуде. Көрме өтетін күндері елордада әлем астаналары күні, фестивальдер, концерттік бағдарламалар, халықаралық жарыстар, спорттық шаралар мен бизнес-форумдар өткізу көзделген. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету сұрақтары да назардан тыс қалмауда, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

 

Хабарламаларға жазылу