EXPO қалашығы аумағында 38 нысан салынады
EXPO кешені Назарбаев университетінің маңында 175 гектар аумақта орналасады. Қазақстанның ұлттық павильонының ауданы 7 855 шаршы метрді құрамақ.
Бұл туралы көрмеге қатысушы елдердің бірінші кездесуінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Сәулет және құрылыс департаментінің бас менеджері Айдар Марат мәлімдеді.
Департамент басшысының айтуынша, EXPO қалашығының құрылысына 8 мердігер компания қатысуда. 38 нысан салынады, деп жоспарланған.
«Көрменің инфрақұрылымын жасау арқылы бүгінгі Астананың тұрақты даму барысын көрсету қажет», деді А.Марат.
Кешен құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25